Ұтыс ойындарының тағы бір құрбандары - «Заңмен шешеміз»

Oinet.kz 14-05-2020 5970

Қазақ эстрадасының белді мүшелері, танымал жұптардың бірі Жанболат пен Жазира көпшілікке алаяқтардың арбауына түсіп қалмауын ескертті. Әншілердің айтуынша, әлдекімдер олардың атынан ұтыс ойнатып жүрген көрінеді. Бұл туралы олар Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Жазира мен Жанболат Instagram желісі арқылы өз жанкүйерлеріне үндеу жасап, олардың атынан жүріп жатқан ұтыстарға қатыспауға шақырды. Жұлдызды жұп бұл ақшалай ойындарға олардың еш қатысы жоқ екенін айтты. Әншілердің сөзінше, алаяқтар олардың суреті мен атын мүлдем рұқсатсыз пайдаланып жүр. Ерлі-зайыптылар енді бұл мәселені заң жолымен шешпек. 

- "Біздің cуретімізді қойып қойып, атымыздан ұтыс ойынын ойнатып жатқандарға сенбеңіздер" деп қанша ескертсем де әлі қатысып жатыр екенсіздер. "Ондай алаяқтармен енді заңмен басқаша сөйлесемін" дейді біздің директорымыз Аслан Бексұлтан" , - деп жазды Байырбекова. 

Айта кетейік, соңғы кезде бірқатар өнер жұлдыздары ұтыс өткізетін алаяқтарға алданып жүр. Олар жарнама жасаған ұтыс ойындары түбінде әділ өтпейтін болып шығуда. Жақында ұқсас жағдайға Ернар Айдар да тап болды. Ол жарнамалап берген ұтыс ұйымдастырушылары бүгінде алаяқтық бойынша тергеліп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Біздің Суретімізді қойып қойып,атымыздан ұтыс ойынын ойнатып жатқандарға сенбеңіздер" деп қанша ескертсем де әлі қатысып жатыр екенсіздер. "Ондай алаяқтармен енді заңмен басқаша сөйлесемін" дейді біздің директорымыз @bex_asl Аслан Бексұлтан.

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

«Басымды ауыртқым да келмейді» - Ақбота Керімбекова ұтыс ойындары туралы
«Моншаны ашыңыздар енді» - Тұрсынбек Қабатов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу