Мәдина Сәдуақасова мінезінің жаман тұстары жайлы айтты

Oinet.kz 25-05-2020

Отандық эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова өз мінезінің кейбір тұстары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

image.png

- Мен Алматыда дүниеге келгенмін, атымды әжем Мекке - Мәдине болсын деген,бірақ мамам қысқартып Мәдина деп жаздыртқан.. - Мектепте ән айтқанмен бірге дзюдо секциясына екі жарым жылдай қатыстым тренерім Ишанбек аға, мықты болатын) “ Дегеніңінен қайтпа, еңбектен, жалқау адам жеңіске жетпейді ешқашан, құласаң тұр, жылама, төзімді бол... “ деп үйреткен сөздері мамамның айтқанымен спортты тастап кетсем де, өмірілік ұстанымым болып қалды ) Мінезім негізі, өте жұмсақ, сезімталмын, адамның дауысы қандай ішкі жан дүниесі де сондай “ дейді ғой, дауысым сол күйі жылдар өтсе де өзгермеген ) қыз дауыс болып қалып қойған, нәзік) Бірақ мінезімнің жаман жақтары да бар, көңіл күйім лезде өзгеріп кетеді, бір қалыпты емес, жанымдағыларға қиындау ілесіп жүру, кейде, неден өзгеріп кеткенін өзім де түсінбей қаламын, - дейді әнші.

​Екінші рет тұрмыс құрған Жорабаева күйеуі туралы бар шындықты айтты
«Садақаны ең көп беретін де әншілер» – Қарақат Әбілдина халыққа өкпелі

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×