Әли Оқапов қыздарына жарнама жасайтын аналарға ренішін білдірді

Oinet.kz 26-05-2020

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Әли Оқаповқа әлеуметтік желідегі аналар тыныштық бермей жүрген көрінеді. Олар әншіге басы бос қыздарын ұсынып, Роза Рымбаевамен құда болғысы келетіндігін айтады екен,  деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

- «Менің қызым бар еді. Жасы 19-да, шашы ұзын, дипломы бар» – деп өз қызына өзі жарнама жасап қояды. Арасында суретін салып қояды. Бұл енді күлкілі жағдай. Үлкен кісі ғой. Кейде қатты жазып кеткенде: «Апай, рақмет көп-көп» деп қана жауап жазамын. Анасының өзі маған қарсы емес екендігі жаныңа жылы сезім ұялатады, әрине! Мен оны қалжың ретінде қабылдаймын. Бірақ бұл менің ойымша сәл дұрыс емес-ау! Жастар өздері бірінші танысып, араласып, ата-анадан бұрын өздері шешім қабылдау керек сияқты. Ата-анамен танысу – келесі қадам, келесі бір деңгей. Алдымен анасымен әлеуметтік желіде танысып, кейін фотодағы қызбен танысу мен үшін жат нәрсе», – дейді Әли.

Жасы отызға жетсе де отағасы болуға асықпайтын Оқапов, сырт көздің сынынан шаршағанын айтады. Ол отбасылық өмірден жүрексініп жүргенін жасырмады. Себебі, әнші жігіт жауапкершіліктің қаншалықты ауыр екенін жақсы түсінетіндігін жеткізді.

- «Жасың 29-ға келді, не жүріс мынау? Қашанға дейін жүресің?» – деп мені сынайтындар да бар. Мен үйлену үшін ғана үйленгім келмейді. Өйткені, үйлену оңай, үй болу қиын! Үйлену – жанұялық жолыңның басы ғой. Ол жай ғана той емес. Өйткені, көпшілік сол тойға барғысы келеді, көргісі келеді. «Әли – күйеу бала», «Розаның тойы» деген оларға қызық. Бірақ шынымен одан кейін не бар екенін көпшілік ойламайды. Қазір ажырасу статистикасы 50 пайыз. Өкінішке орай, жанұялардың көбі ажырасып жатыр. Кейбір жұбайлардың арасында бала қалады. Ондай болғым келмейді. Жақын достарымның қатарында да бар. Иә, шынымен де жасым келіп қалған шығар, тезірек анама немере сүйгізіп, қолын ұзарту керек шығар. Бірақ асығыстықтан, дұрыс емес шешімнен немесе жай ғана «әңгіме болмасын» деп үйлене салуға болмайды. Ол толығымен жауапкершілікпен жасалатын қадам. Егер үйленіп, ертеңінде ажырасып жатсақ, оның ешкімге пайдасы болмайды. Құдай сақтасын!» – дейді Оқапов.

Халық әртісінің тұңғышы осы жылы 29-ға толады. Сүрбойдақтың жеке өміріндегі жоспарына сүйенсек, Әли Оқапов орда бұзар жасқа дейін отау құруға бекінген секілді.

- «Өкінішке орай, мен қалада көп жүрмеймін. Танысу, біреумен араласуға жоқпын. Менің өмірім – ең бірінші жұмысым, одан кейін үйдегі қарапайым жұмыстар, анам және Мәдимен уақыт өткіземін. Соған байланысты шығар осы 29 жасқа дейін бойдақ болғаным. Бәлкім көп адаммен араласып жүрсем, ол сұрақ шешілер ме еді. Негізі мектеп кезінде 25 жаста үйленем деген ой болған. Келесі жылы 30-ға келемін. Осы 30 жасқа дейін үйлену керек. Өзіме сондай талап қойдым және орындауға барымды саламын», – дейді Роза Рымбаеваның үлкен ұлы.

Нұрлан Еспановтың баласы мінсіз әйел болудың 10 жолын айтты
Индира Расылхан күйеуімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты жайып салды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×