Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваға отты жырын арнады (жыр)

Oinet.kz 11-08-2020 1214

Танымал ақын Балғынбек Имашев айтыскер досы Айнұр Тұрсынбаеваға жыр арнады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы айтыскер Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Бүтін еді қазақтың қосы қай бір?

Дей алмадық жөн сілтеп, осылай жүр.

Алмасам да домбыра, қалам алып,

Мен де саған хат жаздым, досым Айнұр.

Қолың ашық болғасын жолың да ашық,

Қонақ күтіп жатушы ең соғымды асып.

Қазағыңа қор болған қамқор болдың,

"Айдың нұры" дейтұғын қорыңды ашып.

Індет келіп, көңілдің көбі күпті,

Есі шықты елдердің ең ұқыпты.

Бұрында да мәрт едің, келген зауал,

Сақи қылып жіберді сені, тіпті.

Есеп беріп жатса да "бәрі бар" деп,

Жетпей жатыр дерттіге дәрі-дәрмек.

Сенен көмек сұрайды шарасыз ел,

Айтыскер деп, жұлдыз деп, танымал деп.

Жетімдерді жебеген - Айдың Нұры,

Жесірлерді демеген - Айдың Нұры!

Рас сөздерді тыңдатқан - Айдың Нұры,

Жас көздерді құрғатқан - Айдың Нұры!

Сабақтары шыңдатқан - Айдың Нұры,

Сауаптары зіл батпан - Айдың Нұры!

АЙНҰР атты жасады ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ,

Жасай алмай жатқанды байдың мыңы..

Жас әнші Мейрамбек Бесбаевты мойындамайтынын айтты (видео)
«Көршінің қызын» айтып жүрген адам сын айтпай-ақ қойсын» - жас әнші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу