Жас әнші Мейрамбек Бесбаевты мойындамайтынын айтты (видео)

Oinet.kz 11-08-2020 5602

Отандық шоу-бизнесте енді танылып келе жатқан Назарбек Оразбеков есімді әнші Мейрамбек Бесбаев туралы не ойлайтынын айтып тастады. "МузАРТ" мүшесі төрелік ететін "Жұлдызды жекпе-жек" жобасына қатысқан өнерпаз оны мойындамайтын көрінеді. Ол Бесбаевты тек "ескі адам" ретінде қабылдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz  Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасап.  

image.png

Назарбек Оразбековтың айтуынша, Мейрамбек Бесбаевты халық тек дәстүрдің майталманы ретінде сыйлайды. Алайда, жас өнерпаз эстрада жұлдызы дәстүр үшін ештене істеген жоқ деп есептейді. Ол "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының модераторы туралы бар ойын ашық айтты. Әнші Бесбаевты мақтағысы келмейтінін жасырмады. 

- "Мейрамбекті негізі мақтағым да, айтқым да келмейді. Мен оларды жай ғана ескі адамдар деп қараймын. Шыны керек, халық оған дәстүрдің майталманы ретінде қарайды. Тоқтарларға, Мейрамбектерге солай қарайды. Бір сұрақ бар менде. Олар дәстүр үшін не істеді? Дәстүрдің майданында жүрген адамдар бар. Ержан Төлеутай деге секілді. Конкурс жайлы айтсам, жылда сол көрініс. Соңынан келіп, "әділ болмады, сен жеңуің керек еді" деп айтып жатады. Бірақ, олай айтудың еш қажеті жоқ. Мен оны баяғыда түсініп қойғам" , - деді Назарбек Оразбеков. 

Жаңа үйге көшкен Тәуекел Мүсілім қоныс тойын атап өтті (фото, видео)
Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваға отты жырын арнады (жыр)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу