Фариза Төреәлінің үйлену тойы қалай өтті (фото, видео)

Oinet.kz 21-08-2020 2627

Отандық танымал әнші Төреғали Төрәлінің ерке қарындасы Фаризаның тойы жоғары дәрежеде өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев карантин уақытында некелерін қидыртып тастағанымен, ел қатарлы үйлену тойын ұйымдастырғанды жөн көрген. Барша қазақи салт-дәстүрлерге сәйкес үйінен ұзатылып шыққан ару ертесіне ақ көйлек киіп, өзін нағыз қалыңдық сезінсе керек. 

Фариза Төрәлі өміріндегі аса маңызды күніндегі суреттер мен видеожазбалармен Instagram желісінде бөлісті. Онда ол қалыңдық көйлегімен жолдасы мен жақындарымен табиғат аясында жүргенін көруге болады. Жас жұбайлар ерекше фотосессия жасатып, кешегі күннен естен кетпес әсер алған. 

"Біз көптен күткен бақытты күн! Аллама осындай ата-анамыз, бауырларымыз бен достарымыз барына сансыз шүкірлер! Тойды көктемге жоспарласақ та біздің емес, Алланың қалауы осы күнге бұйыртыпты. Ең жақын адамдарымыздың айналасында, заңды түрде некеміз қиылды. Сіздерге де жұғысты болсын" , - деп жазды Фариза Төреәлі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Сырға салуымдағы бақытты сәт..

Әлем чемпионы той үстінде әйелін қуып жіберді (видео)
Заттыбек Көпбосынұлының 250 млн тұратын үйі сатылмай тұр (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу