Тамара Асар көптен жасырып жүрген жүрек сырымен бөлісті

Oinet.kz 27-08-2020 1347

Отандық танымал әнші Тамара Асар той мен концерттерді аса қатты сағынғанын айтып, жанкүйерлеріне жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы көпшілік алдында жарты жыл бойы өнер көрсетпеген, деп жазады Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.image.png

Тамара Асар той-томалақтар мен ауқымды шараларға толы карантинге дейінгі өміріне деген сағынышын әлеуметтік желі арқылы жеткізген. Өнер иесі Instagram парақшасында аса әсерлі жазба жариялап, қаумалаған көпшілік бас қосатын жиындардың алдағы уақытта қайтып келетініне сенім білдірді. 

"Тойды, концертті сағындым. Қаумалаған халқымды сағындым, жәйбіррахат жалпыңды сағындым. Осы кездерді маңдайға бұйыртқан Жаратқанға мың алғыс айттым. Сол кездер Қазақтың болашағына қайта бұйырса екен-деп қайта дәметіп, үміттің үкісін ұшырмай, санама тәтті қиялдай саялатып отырмын. Ал сіз үлкен той,концерттерді сағындыңыз ба" , - деп жазды Тамара Асар. 

Желі қолданушылары да әншінің пікіріне қосыла кетіп, думанды отырыстарды сағынғандарын жеткізді. 

"Тойды да, тойыңда салатын әніңді де сағындық АқТамараш", "Керемет күндер еді, осыншама уақытқа дейін көріспейміз деп кім ойлаған" , "Алаңсыз күндерімізді сағындық. Келешегіміз жаркын болсын" , "Иә, сағындық қазағымыздың той-думандарын" , " күндерге тезірек жетсек екен" , "Қазақтын тойы көп болсын. Ойнап кулгенге не жетсін" , - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тойды, Концертті сағындым.Қаумалаған халқымды сағындым, жәйбіррахат жалпыңды сағындым

Жанболат пен Жазира қыздарының 1 жасқа толуын ерекше атап өтті (видео)
Баян Мақсатқызы: «Ана болуға дайындалып жүрмін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу