Сәбит Әбдіхалықов ұл-қыздарынан кешірім сұрады (видео)

Oinet.kz 30-11-2020 1369

Қазақстандық белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов ұлының өзі жайлы түсірген фильмінде жан сырын ақтарып, әр түрлі некеде туған барлық алты перзентінен кешірім сұрады. Ол ұл-қыздарының қасында тұрып өмір сүре алмай жүргеніне өкінетінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. Сәбит Әбдіхалықов тұңғышының түсірген жаңа туындысында бой көрсетіп, аса әсерлі сұхбат берді. Ол "Әке жолы" фильмінде бұл өмірдегі басты өкініші туралы шындықты айтып, ұл-қыздарының алдында кешірім сұрады. Белгілі әзілкеш алты перзентінің алдында не үшін айыпты екенін түсіндіріп өтті. 

image.png

- Қателік жасадым. Болмаса дұрыс әке бола алмай жүрсем, дұрыс әке бола алмасам, қазір де дұрыс әке бола алмай жүрсем, әкелік парызымыды дұрыс орындай алмай жүрсем мен перзенттерімнің алдында кешірім сұраймын. Мен барлық балаларымды жақсы көремін. Әр балам өмірге келгенде мен қатты қуандым. Бәріне бірдей қуандым. Бәрін бірдей жақсы көремін. Сендердің қастарыңда өмір сүре алмай жатқаным үшін барлығынан кешірім сұраймын. Бірақ, мен сендермен біргемін. Алла тағала қанша ғұмыр беретінін білмеймін. Бірақ, бар ғұмырымды осы балаларымның жолын ашуға, солардың жағдайын жасауға, олардың бақытты өмір сүру үшін бар күшімді саламын - деді актер. 

Өнер иесі балаларының жанында өмір сүре алмай жүргеніне аса қатты өкінетінін жасырмады. Оған қоса, ол өзінің ажырасуына қатысты пікір білдірді. 

- Жандарыңда өмір сүрмесем де, елге ажырасқаным үшін қанша өсек болсам да Алла тағала маған сендей ұл берді, төрт қыз берді. Ал әке-шешенің арасында болған мәселе - ол біздің өзіміздің тағдырымыз, өміріміз, қателігіміз. Ал тағдырдың берген алты перзентіне мен мың да бір шүкір деймін. Осы алты перзент үшін өмір сүремін. О менің әкелік парызым мен міндетім. Осы алты балама әкелік тіреу болу, әкелік жол көрсету, әкелік жағдай жасау, әкелік бақыт сыйлау менің міндетім болып табылады. Мен сол үшін өмір сүремін, сол үшін жұмыс істеймін, - деді актер. 


Алтынай Жорабаева жұрттан жасырған күйеуін көрсетті (видео)
Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева қазылар алқасына ренжіді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу