Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева қазылар алқасына ренжіді

Oinet.kz 29-11-2020 5797

"Егіз лебіз" бағдарламасында бақ сынап жатқан Светлана Айтбаева қазыларға өкпесін ашық айтты. Оның бұлай айтуына қазылар алқасының мүшесі, әнші Ақжол Мейірбековтың актриса, халықтың сүйіктісі Жұлдызай Дүйсенбиеваны "Танымаймын" дегені себеп болған. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі Ernur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Димаш Құдайбергеннің анасы.jpg

"Құрметті әділ-қазылар алқасы! Тек қана саханада өнер көрсететін, "Егіз лебізге" қатысып жатқан жұптар ғана емес, сіздер де дайындалып келіңіздер! Кімдер қатысып жатқанын біліңіздер" деген әншінің бұл сөзін оның бағдарламадағы жұбы Асхат Маемиров та қолдап, "Жұлдызайды танымай қалу ұят" дейді. 

Актриса Жұлдызай ханымның өзі де Ақжол Мейірбековтың бұл сөзіне таң қалғанын оның жүзінен байқауға болады. Өйткені талай концерттер мен тойда бірге болғанын айтқан актриса "Бәлкім солай айтуы керек болған шығар" дейді.

Сәбит Әбдіхалықов ұл-қыздарынан кешірім сұрады (видео)
Алтынай Жорабаеваның отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу