Мәдина Сәдуақасова өзіне қатты ұқсайтын сіңлісін көрсетті (фото)

Oinet.kz 22-01-2021

Отандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова туған сіңлісін көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл фотоны ол Instagram парақшасында жариялады. 

Мәдина Сәдуақасова мен сіңлісі.jpg

- Үйде 3 қызбыз, кенжеміз Нұрсұлтан , Жәниядан кейін 4 жылдан соң туылды ) 3- ші бала ұл болса екен “ деп тілеген әкеміз , қыз дегенді естіп , үлкен әпасына т. Раяға апарып, сол кісіге беріңдер қызды “ - деп , роддом- ға да келмей , “ ұл болмай қалды - ау “ деп көңілі біраз уақыт кәдімгідей түсіп жүрген ) Тіпті , біздің өзіміз “ Туу, ұл емес паа?! “ деп қалғанымыз есімізде. Үйге келген сәтінен, барлығы өзгерді ғой) Әжесінің ең сүйікті тәтті немересіне айналды, папамызға ең қатты ұқсайтын қыз осы Жәния ) Кішкентайынан Жәния не айтса , папа үндемей орындайды , біз кейде , әкемізді бірдеңеге көндіре алмай жатсақ , Жәния арқылы жасатып аламыз. Солай ... Қыз жақсы ғой , қызы бар үйдің берекесі көп дейді ) Ұқсаймыз, ия , Жәния екеуміз? - дейді әнші. 

Ал, желі қоданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдіруде. 

- "Көздеріңіз ұқсайды", "Сіз шамалы сұлусыз негізі", "Қатты ұқсайсыздар. Жәнияның түрі сұсты екен. Ал, сіздің жүзіңіз жылы", "Бір көргенде-ақ түсінуге болады әпкелі- сіңілі екендерінізді", "Мұрындарыңыз ұқсайды екен. Өте әдемісіздер", "Аман болыңыздар. Бауырлыктарыңыз мәңгі ажырамасын", "Егіз сияқтысыңдар" - дейді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Танымал әнші актер күйеуімен ажырасып кетті (фото)
«Маңдайыма жазылғаны осы болар» - Сәкен Майғазиев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×