«Надан халықтың қалтасын ақтаруда» - Ермек Тұрсынов (видео)

Oinet.kz 03-02-2021

Белгілі сценарист Ермек Тұрсынов қазіргі  режиссерлерді халықтың қалтасын ақтаруда деп сынға алды. Олардың қатарында Нұрлан Қоянбаев пен Нұртас Адамбаевтың есімі аталды. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты. 

ЕЕЕрмек Тұрсынов.jpg

- Кино саласындағылар Абдулла Қарсақбаев, Шәкен, Сұлтан Қожықовтар олар суреткерлер. Бірақ, бүгін "Алдар көсе" деген кино шықса оған ешкім бармайды. Ары кетсе, 5-10 адам баратын шығар. Өйткені, ол жерде ешқандай ыржың-ыржың күлкі жоқ. Өте терең мағыналы кино. Қазақы иіс аңқып тұрған кино. Оны қазір түсіне білетін, тани білетін, сезе білетін көрермен қалған жоқ. Қазіргі заманның режиссерлері Қоянбайлар, Адамбайлар.  Басқа да толып жатыр ғой КВН-нен шыққандар. Олар көрерменді надандығын пайдалана отырып қалталарын ақтарып жатыр ғой. Сол менің айтайын деп жүргенім - дейді Ермек Тұрсынов.

Белгілі кинорежиссер «тойский әншілерді» атап, өткір сынға алды (видео)
Қарақат Әбілдина халқын сағынғанын айтып, жантебірентерлік жазба арнады (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×