"Бақытсыздың ең сорақы көрінісі": Ақбота-Нұр адам көргісіз суретін жариялады

Oinet.kz 20-06-2022 1362

Әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде жаңа суретін жариялап, елді шошытты. Желі қолданушылары әртіс үшін алаңдаушылық танытып, оны сұрақтың астына алды.

Screenshot_5.jpg

Ақбота Сейітмағамбет елдің қызу талқысына түскен фотосын Instagram парақшасында жариялады. Онда өнер иесінің беті қызыл түсті бояуға боялғанын көруге болады. Желі қолданушылары әншінің бет-әлпетіне бірден назар аударып, ол үшін алаңдады. Алайда актриса бірден көпшіліктің үрейін сейілтіп, бұл жаңа фильмдегі образы екенін айтты.

 "Бәрі дұрыс па? Әлде кино түсірілімі ме?", "Не болып қалды сұлу қыз?", "Бұл фильмдегі образ деп сенеміз. Шошып кеттік қой", "Тым қауіпті рольдерге келіспесеңізші", "Сіз үшін алаңдап кетсек, кино екен ғой", - деп жазуда олар. 

Дегенмен әртіс қоғамда отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болып жатқан әйелдер жетерлік екенін жеткізді.

"Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,

Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.

Аламанға салсаң озар, әй қайдам,

Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып. 

Мен - әйелмін, қырық жан бар бойымда, 

Шырқыраймын, талай уайым қойында. 

От шарпыса шыдай түсем ерімей, 

Себебі мен ұқсап кетем шойынға. 

Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс. Еңлік сияқты күн кешіп жүрген құрбандар қаншама", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акбота-Нур

Баян Алагөзова "Мәншүк Мәметова" фильмінің съемкасына кіріскенін мәлімдеді
Shiza шымкеттіктерден кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу