Ерке Есмахан Айнұр Тұрсынбаеваның Түркиядағы зәулім үйіне қонаққа барды (видео)

Oinet.kz 28-06-2021 3594

Танымал әнші Ерке Есмахан айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның Түркиядағы үйіне қонаққа барды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

Айнұр мен Ерке.jpg

- Түркияға жиналғаннан, айтыстың аққуы-Айнұрдың Стамбулдағы, теңіз жағасындағы зәулім үйіне: “қонақ болып қай күні барамыз?”-деген ой бірінші кезекте болды. Айнұр-менің өнерде әпкем, өмірде сырласым, құрбым, жанашырым. @aidyn_nury Қазақы дастарқаны, берекесі, ет тамағы мен бауырсағы Стамбулда да үзілмепті. Біраз әңгімелестік, түпсана ақтардық, жақсы әңгімелер айтып, арасында өсек айтып дегендей. Сөйтіп қонып қалдық. Қазақтар бір-бірімен тату, сыйлас, жанашыр болғанға не жетсін?! Жасасын қазақтың қыздары! - деп жазды ол. 

Айнұр Тұрсынбаеваның әсем үйін көрген көпшілік жылы лебіздерін білдіруде. 

- "Әрбір қалаған қазағыма,теңіздің жағасынан үй бұйырсын!", "Керемет жансыз. Алла тағала ең бастысы денсаулық берсін. Ұлыныз аман болсын, әрқашан құлпырып жүріңіз. Бакытты болыңыз! Тіл көзден аман болыңыз", "Керемет көрініс", "Тамаша! Осындай қазағымыздың қыздары жасай берсін. Өнерлерің өрге өсе берсін. Қуаныштымыз", "аусылмасын Айнұрдын асханасы, Жете берсін бәрімізге түп санасы, Түркияда қонақ болған әр қазаққа, Ашық болсын әрдайым дастарханы!" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Танымал әнші су жаңа қымбат көлігін көпшілікке көрсетті (фото, видео)
«Отбасын ойраңдайтын нәрсе істемедім» - Кенжебек Жанәбілов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу