Қыран Талапбек ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды (видео)
Талантты режиссер, Kyran Films компаниясының негізін салушы Қыран Талапбек Қазақстанға Қытайдан көшіп келгенін айтып, басында қазақ тілін мүлде білмегенін жеткізді. Бұл туралы ол "Төртеу түгел болса" бағдарламасында айтты.

- Қытайдан келдім. 5-6 жасымда келгенмін. Қазақша білген жоқпын мен басында. Қазақстанға көшіп келіп қазақша білмегенмін. Таза қытайша сөйлегенмін ғой. Мен осы күнге дейін ешқай жерде айтпағанмын - деді Қыран Талапбек.


