Қарақат Әбілдина: «Сыр білдірмей сахнада күліп ән салдым» (фото)

Oinet.kz 22-11-2021

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әйелдерге кеңес айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Қарақат.png

-  23 жыл - отбасы болғанымыз. Осыншама жыл отасқанда алғаш жалғыз шығуым дедім ғой. Жалғыз да емес, үлкен ұл бар жанымда. Ми тынығып, бой сергіп, демалып қалды. Әйел адам, әсіресе жастары жақын майда балалары бар аналар шаршайды. Оңай емес. Өзімнен өткізген соң білем. Көмекшім болғанмен ол да жалғыз. Үлкен үй. Көп бала… Қайбіріне жетсін. Талай-талай ұйқысыз таңдар атырып, көз іскен, қабақ түскен түрмен барып, макияжға да ептелмейді, сыр білдірмей сахнада күліп ән салып, қайтып кеп тағы күйбең тірлікке күмп берген күндер көп болды. Несін айтайын. Қыздар! Баласы жас, бөпесі бар сіңлілерім, тұрмысқа тұтылып, түтіліп, жұтылып кетпеңіз дегім келеді. Көп тірліктің арасынан өзіңізге 1 сағат, болмады 15 минут тауып бір шыны шәйді тыныштықта ішіңіз. Жүйкеңізді, өзіңізді сақтаңыз. Бәрі уақытша ! Бұл да бір өтпелі кезең. Уақыт жылжиды, бала өседі. Мынау мен құсап теңіз не мұхиттың жағасында кофе ішіп, кокосты сіміріп, демалыыып отырғаныңызды бір елестетіп алыңыз да, алға ! Мықтысыздар! Дұрыс айтам иә?! - деп жазды әнші. 

Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрліше пікір қалдыруда.

- "Ее, сіңлім , елдің бәрі әнші емес , оңаша шықпақ түгіл бір бөлке нанын зорға тауып жеп отырған аналар бар , бұл күніңе мың рет тәубашылдығыңды айта бер , өзіңнің нәсібің ғой , шүкір , шүкір ..,Сіз млннан / бірісіз ,ал ,будкада тұрып жатқандарды қайда жасырамыз? Қорқынышты", "Әдемісіз, дұрыс айтасыз, сондай адамның бірі мен. Бәрі алда деп өзімді қамшылап қойып жүрмін. Жақсы демалыңыз! Алланың құдіреті шексіз ғой!", "Сіздер ұқсап ел алдына шығып ән айтпай өз өзімнен бітіп шаршап жүрм мықтысыз или сіздер ел алдына шыққаннан энергмя жинап аласыздар ма білмейм", "Жағдайы болса шіркін,дем алғанға не жетсін,рас баладан,үй тіршілігінен әбіржіп жүрген келіндер қаншама, өздеріне қарауға уақыт таппайды оның бәрін басымыздан өткіздік қой,.ауылда огоротқа қарап,үйдің айналасын сыпырып күніне, тезек жасап, таба нан пісіріп, самаурын қойып, ошаққа тамақ пісіріп, сут пісіріп,.қыста пешке көмір жағып,ыстық күл шығаруды айтсайшы,сол пешке тамақ пісіріп, духовкасына нан пісіріп айта берсең ертегі сияқты айтпақшы қолмен жылдың төрт мезгілінде кір жуу, жөргек, ползунки жуу, біздер памперстің не екенін білген жоқпыз міне осылай тірлік қылдық, қазір не ауылда да барлық жағдай жасалынып қойған, айтайын дегенім бірін айтып біріне кеттім бе, өзлеріне қарауға уақыт жететін сияқты меніңше,бірақ шет елге баруды айта алмаймын, жағдай жоқ оған турасын айтсам. Солай", "ұрыс айтасың, бірақ шет елге сен сияқты демалуға баруға бәрінің қалтасы көтермейдіғой, сол қиындау" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Индира Расылханның тойдағы биі көпшіліктің ашуын тудырды (видео)
Әбдікәрімова балаларына өлім тілеген екі әйелді сотқа берді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×