Айсәуле Бақытбек: «Анамның күйеуіне қалыпты қараймын» (фото)

Oinet.kz 13-12-2021 1005

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек анасының күйеуі Тұрсын Алагөзовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Желі жұлдызы отбасында ешкімнің жеке өміріне араласпайтынын алға тартты. Оған қоса, ол әкесі екінші рет отбасын құрған жағдайда, оның да келіншегіне құрметпен қарайтынын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Aisaule.png

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарына ағынан ақтарылды. Желі қолданушыларының бірі одан анасының күйеуімен арақатынасы қандай екенін сұрады. Блогер ару бұл жайында барлық шындықты айтты. Ол ата-анасының жеке өміріне араласпайтынын жеткізіп, олардың бақытты болғандарын қалайтынын алға тартты.

- "Біздің отбасымызда біреудің өміріне араласу дұрыс саналмайды. Ересек, саналы адамдарда солай болуы тиіс деп санаймын. Анамның күйеуіне құрметпен, қалыпты қараймын. Әкем үйленген кезде, оның да әйелімен қуана тіл табысамын. Тиісінше, олар да маған сондай қарым-қатынас жасайды. Барлығы бақытты. Негізінде қарапайым нәрселерді адамдардың неге қиындататынын түсінбеймін", - деп жауап берді ол.

image.png

Велосипед теуіп жүрген Мақпал Жүнісова көпшілікті таңдандырды (видео)
Жұлдыз Әбдікәрімова өміріндегі маңызды жаңалығымен бөлісті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу