Жұлдыз Әбдікәрімова өміріндегі маңызды жаңалығымен бөлісті (видео)

Oinet.kz 13-12-2021 2030

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова араға он жыл тастап, актрисалық мансабын қайта қолға алды. Өнер иесі киелі театр сахнасының төріне оралғанын зор қуанышпен хабарлады, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Жұлдыз Әбдікәрімова шығармашылығындағы бұл жаңалығын өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Актриса енді Түркістан театрында өнер көрсететін болады. "Бұл жаңалығыммен бірінші боп өздеріңізбен бөліспекпін. 

- "Қашан сізді кинодан, театрдан көреміз?" деген ең жиі қойылатын сұраққа бүгін жауап бере кетейін. Араға 10 жылдан астам уақыт салып, театр төріне қайта оралдым. Алланың қалауымен, бұл қадамым киелі өңірдің жаңа театрынан бастау алды. Мұны өзім іштей жақсылыққа жорыдым. Жүректің күй сандығынан тәтті ән шығарар сезімге толы сырлы пьеса - "Махаббат мұнарасында" мен Сұлудың рөлінде ойнаймын. Өнердің шын жанашырлары мен менің қолдаушыларымды 17-18 желтоқсан күні театрға шақырамын" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Жұлдыз үшін аса қатты қуанып, оған сәттілік тіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Айсәуле Бақытбек: «Анамның күйеуіне қалыпты қараймын» (фото)
Роза Рымбаева келінімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу