Марқұм әкесіне ән арнаған Нұрболат Абдуллин жылап қалды (видео)

Oinet.kz 01-08-2022 909

Нұрболат Абдуллин марқұм әкесіне ән арнап, көзіне жас алып қалды. Елдің жүрегін елжіреткен сәт әншінің сәуір айында жанды дауыста берген концертінде орын алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Концерттің үзіндісін Нұрболаттың өзі Instagram парақшасында жариялады. 

"Көңілім босаған сәт... Алғашқы шығармашылық кешімде Анам Әкеме сүйеніп отырғанына баладай куә боп ән салған едім. Бұл жолы Анамның өзін көргенде Әкемді жан дүниеммен іздеп кеткенім рас. Сағыныш кеудеге сыймай көмейімдегі үнімнің шығуына сәл кедергі болғанын келген көрерменде сезіп, әр сәт сайын қолдау білдіріп отырды. Бұл құрметтеріңізден өзімді тез жинап алуға тырыстым. Жақындарыңызды жақсы көріп үлгеріңіздер! Рахмет, Әке!" - деп жазды Абдуллин. 

"Сынба, мойыма, басыңды тік ұста, Алланың көзі түзу болсын", "Ең әлсіз жерім ӘКЕ еді, жылаттың-ау, талантты інім", "Көңілім қатты босап кетті. Әкелеріміз аман болсын. Анаңыз аман болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Nurbolat Abdullin (@nurbullin)

«Көзімді жұмып қанша рет дария кештім десейші»: Айжанова жолдасымен отау құрған сәтін салды (видео)
«Неткен сымбатты»: Жеңіс Ысқақова көпшілікке күйеуін көрсетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу