«Ажырасқан соң, бетім қайтып, енді үйленбеймін деп ойладым»: Асан Пердеш әйелдері туралы айтты

Oinet.kz 16-08-2022 2908

Отандық әнші, композитор Асан Пердеш бірінші некесі сәтсіз аяқталып, екінші рет отау көтерген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_30.jpg

"Ешкімді кінәламаймын. Тағдыр солай болған шығар. Әрине, өкініш болады. Бірақ Аллаға шүкір, қазір бәрі жақсы.  Арамызда перзент болған жоқ. Бірақ ол үшін ажырасқан жоқпыз. Біздің тағдырымыз, сөзіміз жараспады", - деді Асан Пердеш.

Айтуынша, келіншегі оның әнші болғанына қызығып тұрмысқа шыққан. Алайда қиындықпен бетпе-бет келгенде шынайы жүзін көрсеткен. 

"Сырт көзге қарағанда өнер адамының жары болу қызық сияқты, бірақ ол оңай емес. Өнер адамының жары болуға барлық қыздар қызығады. "Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған" деген сөз бар. Бірақ ар жағында оның өнер адамы екенін түсініп, оған дайын ба, дайын емес па, оны ойламай, тұрмысқа шығады. Содан кейін қиыншылыққа келген кезде төзіп бере алмайды. Мен де жас болдым ба екен, білмеймін, тағдырымыз жараспады", - дейді Асан Пердеш.

Айтуынша, бұрынғы әйелі бүгінде екінші рет тұрмыс құрған. Асанның өзі де араға төрт жыл салып отбасылы болды. Бүгінде Әнел есімді жұбайынан Ардана есімді қызы өсіп келеді. 

"Өнер жолында кеш беріп жүрген кезде бір ата-ана келіп: "Осындай қыз бар. Сен сазгерсің. Ән жазып берсең", - деді. Қарасам, шынымен даусы тәп-тәуір, әнді жақсы айтады. Ән жазылды. Орындап шықты. Сол кезде бірінші рет кездестік. Кейін гастрольдік сапарда бірге жүрді. 

Басқа қалада жүргенде бірінші жарыммен телефонмен тіл табыспай қалатын кездеріміз де болды. Жанымда жүріп, соның бәрін ол қыз көрді. Қызғаныш жалпы ауру ғой. Біреумен құшақтасып суретке түсіп қалсаң да, ол үшін ауыр сөздер айтылып, қатты тиді. 

Бір рет ажырасқан соң, бетім қайтып, енді үйленбеймін деп ойладым. Бірақ уақыт өте келе ойым өзгерді. Ата-анамызбен қыз іздедік. Қарындасымдай, досымдай болып жүрген қызға мен басқа қыздардың суретін көрсетіп, ақылын сұрай бастадым. Арада төрт жыл өтіп кетті. Қарасам, баяғы кішкентай қыз өсіп қалыпты. Сөзіміз жарасты, ортақ шешімге келдік", - дейді әнші.

Асан қазіргі жұбайынан 15 жасқа үлкен. 

«Жабық киіндірген жігіттен айналайын»: Камшат Жолдыбаева тұрмысқа шығуы мүмкін (видео)
«Қоя салшы, Жахан»: Кезекті фильмін түсіруге кіріскен Жахан Отарғлиев сынға қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу