«Мен де, балапандар да араласпайды»: Сиви Махмуди бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Oinet.kz 24-08-2022

Отандық әртіс Сиви Махмуди бұынғы күйеуімен мүлдем араласпайтынын айтты. Ол күйеуі ортақ үш перзеннтін іздеп келмейтінін де айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_22.jpg

Бұл туралы Сивидің өзі Instagram парақшасында айтты. 

"Жоқ, мүлдем. Мен де, балапандар да араласпайды", - деп жауап берді Махмуди бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасы жайлы сұрағандарға.

Алайда Сиви әке мен балалардың арасына түспегенін, олардың араласуына тыйым салмағанын атап өтті.

Жуырда Сиви қалыңдық көйлегін киіп, ел алдына шыққан еді. Одан бөлек, Махмуди табынушысынан 101 раушан гүлін алғанын көрсетті. Соған қарап, көпшілік Сиви жақында тағы ақ келін атанады деп болжады. Алайда актрисаның өзі мұны жоққа шығарды. 

"Шынымды айтсам, енді тұрмысқа шыққым келмейді. Бірақ болашақта керек. Әзірге ондай жоспарым жоқ", - деді ол. 

«Одан Рымбаева тіпті бір көйлекке ақша тапса, бұйырмасын»: Роза Рымбаева
«Мұндай ер азаматты өмірімде көрген емеспін»: Жанель Мақажан 8 жас кіші күйеуі туралы айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×