Жұлдыз Әбдікәрімова Тұңғышбай Жаманқұловтың сынына жауап берді

Oinet.kz 11-02-2023 411

Осыдан біраз уақыт бұрын театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың көпшілікке ұсынған "Ажырасам" атты фильміне қатысты сын айтқан болатын. Әбдікәрімова Тұңғышбай Жаманқұловтың сынына жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

"Тыңдадым, оқыдым. Сынаған кезінде қуандым десем де болады. Себебі, саф өнердің саңлақтары сынап жатса, мен құлақ асамын. Келесіде оның бәрін ескеремін. Ол кісіге рахмет айтамын. Ол кісі менің ең сүйікті актерім", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова. Естеріңізге сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың жақында көпшілікке ұсынған "Ажырасам" фильмінің тұсаукесеріне өзінің арнайы шақырылғанын айтқан болатын. Алайда фильм көңілінен шықпағандықтан, соңында тіпті құттықтамай кетіп қалғанын мәлім етті. 


«Балаларды емес, күйеуді жақсы көру керек»: Баян Алагөзова ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
Дастан Оразбеков шығармашылық кешінде көз жасына ие бола алмай қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу