Әбдіжаппар Әлқожа мен Димаш Құдайберген қандай шапанға таласып жүр?

Oinet.kz 01-06-2023 617

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ерекше шапанмен телебағдарламаға қонаққа келіп, онымен байланысты оқиғасымен бөлісті. Айтуынша, шапанның құны 500 мың теңге тұрады екен, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Screenshot_4.jpg

Қызығы өнер иесі бұл шапанды алғашында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алмақ болғанын айтты. 

"Инстаграмнан дизайнер ағамыздың подиумға шығарған киімдерін көріп қалдым. "Аға осы сатыла ма?" десем, "Иа сатылады. Бірақ Димаш Құдайбергеновтың әкімші қызметкері айтып қойып еді "осы шапанды аламыз деп" деді. Димаш дегеннен кейін мүлде іштей қызығушылық артып кетті. Бағасы қанша деп ем, "500 мың" деді. Жарты ақшасын салып жібердім де "Димашқа табылатын шығар" деп мен алып алдым", - дейді ол.

«Обалың өзіңе»: Хиджап киген мектеп оқушысын сыныптастары соңғы қоңырауға қатыстырмай қойған (видео)
«Темекі шегіп тұрған адамға сәлем берме, оған сәлем беру не стоит» - Қабылбек Әліпбайұлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу