«Бір айдай Түркияда жаттық»: Танымал актер әнші Ақбота-Нұр Абайқызымен арақатынасы туралы

Oinet.kz 19-04-2024 904

Танымал актер Ермек Шынболатов "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында әнші Ақбота-Нұр Абайқызымен арақатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Өнер иесінің айтуынша, Ақбота-Нұрмен алғаш рет жобада танысқан.

"Халық Ақбота-Нұр екеумізді қосып жатыр. Бұған сеніп-сенбеуді әркім өзі біледі. Ақбота-Нұрмен алғаш рет осы жобада таныстық. Бізді жұмыс байланыстырады, жұмыс барысы ғана, басқа ештеңе жоқ. Арамызда сезім жоқ. Фильм бойынша біз бір-бірімізге қатты ғашық адамдармыз. Фильмде әке мен баланың қарым-қатынасы көп қозғалады, бірақ ішінде махаббат та бар. Бір айдай Түркияда жаттық. Түріктің ұлттық тамақтарына әбден тойдық. Әлеуметтік желіде тараған видео жәй ғана фильмнің кадрлары. Оны әркім өз қалауынша қабылдайды", - деді актер

«Ұяты болса төртіншіден тоқтайтын шығар»: Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыға ма?
«Қазақстанның 40 пайызын асырап отырған қаланың жағдайы мұндай болмауы керек»: Санжар Мәди
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу