«Оралмандар? Олар мемлекет есебінен күн көргісі келеді» - Данияр Әшімбаев

Oinet.kz 03-03-2020

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес.

Screenshot_2.jpg

Dalanews.kz сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады.

Былтыр біздің елден 45,2 мың адам көшіп кеткен. Олардың көпшілігі (39 мың адам) Ресейден қоныс тапқан. 

“Бұл Қазақстандағы халық санының азаюына әсер еткен жоқ. Себебі сырттан көшіп келіп жатқан этникалық қазақтар баршылық. Бұлардың көпшілігі орта білімді.

Сайып келгенде біреу кетіп, бір келіп жатыр. Кетіп жатқандар оқып-тоқыған жастар, келіп жатқандар этникалық қазақтар. Олардың – білімі, жұмыс өтілі жоқ. Олар осында көшіп келіп, мемлекет есебінен күн көргісі келеді”, – дейді Әшімбаев.

Оның пікірінше бүгінгі Қазақстан өмір сүруге қолайсыз ел айналып келеді.

Әшімбаев мемлекеттің моноұлттанып бара жатқанына алаңдаулы. Бұған Үкімет мүшелерінің құрамына қарап-ақ көз жеткізуге болады. 

“Үкіметте Роман Склярдан (премьердің орынбасары) өзге ұлт өкілдері жоқ. Вице-министрлердің деңгейінде өзге ұлт өкілдерін саусақпен санап аласыз. Әкімдер арасында да қазақ еместер жоқ. Аудан әкімдері арасында ішінара ғана өзге ұлттар. Ұлттық компаниялар деңгейінде де осы көрініс.

Ең қызығы қарым-қатынас, жұмыс тілі – орыс тілі”, – дейді ол.

Айтуынша қазақша сөйлейтін слаяван өкілдерін билік мәдени үгіт-насихат мақсатында ғана пайдаланып отыр. Олардың билікте, бизнесте, ғылым-білімде табысқа жетуі неғайбыл. Сондықтан да Ресей мен Батысқа көшуден өзге амалы жоқ.

Қайрат Жолдыбай: «Мешітте билікті мақтап, даттап әңгіме айтқан емеспін»
«Коронавирус Қазақстанға жетсе, біткен жеріміз осы болады» - Досым Сәтпаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу