Ордабасы: 8 елдімекен газбен қамтылады

Oinet.kz 15-07-2023 129

13.jpg 

2021 жылы елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірленді. Ұлттық жобаның мақсаты халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Осы мақсатта Түркістан облысы Ордабасы ауданында бірқатар жобалар жүзеге асуда.   

Жуырда аудан әкімі Нұрбек Бадырақов жұмыс сапарымен Қараспан ауылдық округіне барды.  Алдымен Батыр ата ауылындағы табиғи газ құбырын тарту жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда 244 үй бар. Мердігер мекеме тарапынан жер астынан 19 шақырым болатын газ құбыры тартылған. Биыл Қараспан ауылдық округі бойынша 8 елдімекен табиғи газбен қамтылады деп жоспарланған. 

Кездесуде аудан әкімі елдімекендерге газ тарту жұмыстары кезінде кемшіліктердің бар екенін де айтып өтті, оны ретке келтіру үшін сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, Қараспан ауылын табиғи газбен және таза ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көрген аудан әкімі мердігерлерге, ауыл әкімі мен сала мамандарына бірқатар ескертулер жасап, жұмыстың сапасына және уақытылы жүргізілуіне қатаң бақылау жасау керектігін айтты. Қазіргі таңда Қараспандағы төрт елдімекенде ауыз су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар биыл аяқталып, тапсырылуы тиіс. Келесі жылы үш нысанға жүргізілсе, нәтижесінде барлық елдімекен таза ауыз сумен қамтылмақ. 

Бұдан бөлек, аудан басшысы Қараспандағы мәдениет үйінің жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, Төреарық елдімекенінде болған аудан әкімі фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысымен танысып, медициналық нысанның мерзімінде пайдалануға берілуін бақылауға алуды тапсырды. 

Сапар соңында көшпелі мәжіліс өтіп, ауыл әкімі мен тиісті сала басшыларына Қараспан ауылдық округінде өзекті болып отырған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.


Туризм университеті шетелмен тәжірибе алмасуда
Мақтааралда "Орталық Азия" халықаралық орталығы құрылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу