Жетісайға қытай инвесторлары келеді

Oinet.kz 14-07-2023 124

39.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес 1-8 шілде аралығында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасына ұйымдастырылған іс-сапарда Келес, Сарыағаш, Шардара, Мақтаарал аудандарының әкімдерімен қатар Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов та болды. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-сапар барысында делегация мүшелері әлемдік рынокта өзіндік орны бар мемлекеттің экономикасының дамуына өзіндік үлес қосып отырған өндіріс орындарын аралап, жұмысымен танысты. Әсіресе, Жетісай ауданында өндірілетін жүн мен мақта өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарының жұмысына қызығушылық танытып, ауданға инвестиция салуға шақырды.

«Менің бірінші кезектегі мақсатым – ауданға инвестиция тарта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, мүмкіндігінше зауыт-фабрикалар ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру, негізгі табысы агро салаға тікелей байланысты болғандықтан ауданда өндірілетін мақта шикізатын сатып алушы ірі трейдерлерді табу, аудан үшін тиімді ортақ келісімге келу болды» дейді Серік Үсенұлы.

Алдағы уақытта Қытай кәсіпкерлері ауданға келіп жергілікті жағдаймен танысып, ортақ келісімге келген жағдайда ауданнан жүн, мақта, көкөніс өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар салатын болады.


Жетісай: Ауыз суға 2,4 млрд теңге бөлінді
Шардарада жүгері зауыты іске қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу