Жетісай: Ауыз суға 2,4 млрд теңге бөлінді

Oinet.kz 15-07-2023 157

38.jpg

Жетісай ауданындағы қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 112 елді мекеннің 105 елді мекені орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған. 7 елді мекен қамтылмаған шалғайда орналасқан. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлдады. 

Бүгінгі таңда орталықтандырылған 105 елді мекенде 83 дана ауыз су ұңғысы, 85 су мұнарасы, 24 су сақтағыш, санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр. Аталған елді мекендерді «Жетісай топтасқан су жүйесі» РМК, «Жетісай су» МКК және «Мақатаарал ауыз су жүйелері» ЖШС мекемелері ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Бұл жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Бөлім басшысының мәліметінше аудан тұрғындарын сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсаттында биылғы жылға Республикалық және облыстық, жергілікті бюджеттер есебінен ауыз су жүйелерін жаңғыртуға 2 млрд 442 млн теңге қаржы қарастырылып, Жетісай қаласының, Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс, Қазыбек би ауылдық округінің Құрбан ата, Ж.Ералиев ауылдық округінің Сейфуллин елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары, ал, Мақталы ауылдық округінің Сарқырама, Дархан, Тың, Алтынсарин, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жазықсай, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекендерінің және Ш.Ділдәбеков ауылдық округі елді мекендерінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілуде. Нәтижесінде жыл соңына қарай орталықтандырылған су құбырымен қамтылған елді мекендер саны 105 елді мекенге жетізу жоспарланған.

Одан бөлек, «Мембарана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52,6 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Атакент – Асық ата – Көктөбе ауыз су магистралды жүйесіне Ж.Ералиев, Ш.Ділдәбеков, Қазыбек би ауылдық округтеріне қарасты 22 елді мекендегі 5934 тұрғын үйді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.


Бүгінгі күннің талабы-кондоминиум
Жетісайға қытай инвесторлары келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу