Бүгінгі күннің талабы-кондоминиум

Oinet.kz 15-07-2023 157

37.jpg

Бүгінде ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және бекітілген Түркістан облысының жол картасын орындау мақсатында Жетісай ауданының аумағында ортақ пайдаланымдағы көппәтерлі қосқабатты тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстары бойынша жоспар жасалып, Жетісай қаласы мен Асықата кентінің әкімдеріне жұмыс жүргізу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарыпынан хаттар жолданған. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиында мәлім етті.

Жұмыс жоспарына сәйкес өткен жылы 71 тұрғын үй құжаттарының жерге орналастыру жобасы әзірленіп, мемлекеттік акт алынған 53 тұрғын үйдің шешімдерін әділет департаментіне тіркеу жүргізілуде. Ал, қалған 20 үйдің жер комиссиясы шешімінің мерзімі өтуіне байланысты құжаттары жаңартылып, мемлекеттік акт алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Одан бөлек, биылғы жылы Жетісай қаласында А.Байтұрсынов көшесіндегі №1А, №5А, №25, №27Б, №36, Амангелді көшесіндегі №63А, Ш.Айманов көшесіндегі №18 және Абай көшесіндегі №75А сынды көппәтерлі 8 қосқабаты үйлерге «Жетісай су» МКК-ның қайтарым қаржысы есебінен күрделі жөндеу жүргізуге жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. 

Бөлім басшысының мәліметінше аудандағы 173 көппәтерлі тұрғын үйдің 32-сі кондоминиум нысаны ретінде тіркелсе, тағы 138-і, (Жетісай қаласынан 113, Асықата кентінен 23, Абай ауылдық округінен 2 тұрғын үй) тіркелуді қажет етеді.

«Аумағында көппәтерлі тұрғын үйлері бар қала, кент, ауылдық округ әкімдері тарапынан пәтер иелеріне кондоминиум жобасының тиімділігі бойынша түсіндіру жиналыстарын өткізулері, оны тіркеуге тұрғындардың келісім берулері жөнінде хаттамаларды толтырулары, үйдің сызбасы, жер комиссиясының оң қорытындысын алу жұмыстарын жандандырулары керек» деген аудан басшысы жұмыстың нәтижесін жеке бақылауында ұстайтынын айтты.


Жетісай: Бақша өнімдері шетелге экспортталуда
Жетісай: Ауыз суға 2,4 млрд теңге бөлінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу