Келес: Құдық қақпақтары жаңартылуда

Oinet.kz 18-07-2023 206

43.jpg

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездескенде көтерілген мәселелердің бірі - ашық жатқан құдықтар жайлы болған еді. Сонымен қатар Түркістан облысының iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, ашық жатқан құдықтар жайлы құзырлы органдарды құлағдар еткен тұрғындар да болды. Мәселенің өзектілігін ескерген аудан басшысы тиісті мекемелерге тапсырма беріп, орындалуын бақылауына алды. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Амангелді ауылындағы ауыз су құдықтарының жарамсыз және сынған қақпарын сапалы және 25 тоннаға дейін қуаттылығы бар қақпақтарға ауыстырылды. Аталған жұмыстар «Келес қызмет» мекемесі тарапынан жүзеге асуда. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

- Келес ауданында қатердің алдын алу үшін аудан аумағындағы құдықтардың қауіпсіздігін қадағалауды күшейттік. Соның нәтижесінде аудан көлемінде құдық қақпақтарының қауіпсіздігі тұтастай тексеріліп, ашық қалған құдықтардың қақпағы жабылды, сынған қақпақтар ауыстырылуда. Алдағы уақытта Қошқарата, Жүзімдік, Бірлесу, Ақтөбе ауылдық округтері мен аудан орталығында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылады, - дейді Келес қызмет мекемесінің директоры Байтуған Керінбаев. 

Айт кетейік, орнатылып жатқан қақпақтар сапалы әрі берік болуы үшін оларды бірнеше қабаттайды. Тіпті, адам аяғының астында жатып, сынып кетсе, ұстап қалатын арнайы тор да қарастырылған. Осылайша, құдық желісін жауып тұратын қақпақ ұзақ уақытқа дейін шыдайды дейді мамандар. Аудан аумағындағы құдықты жауып тұратын бұл бітеулер өте өзекті мәселе. Себебі темір қақпақты қолды қылатындар кездесіп жатыр. 

Келес ауданының негізгі драйвері — ауылшаруашылығы саласы. Ал ауылшаруашылығының күре тамыры ағын су жүйесі болып табылады. Жалпы аудан аумағында ұзындығы 657,6 шақырымды құрайтын 148 дана канал және ұзындығы 393,6 шақырым болатын 144 қашыртқылар бар. Биыл Келес ауданындағы 157 шақырым ирригация жүйелері тазалануы жоспарланып, бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстар қарқынды іске асуда. 

— Бүгінгі таңда "Тұран-су"ШҚЖ МКК мекемесі тарапынан аудан аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 157 шақырымды құрайтын 29 каналды механикалық тазалау жұмыстары атқарылуда. Қазіргі уақытта 24,7 шақырым толығымен механикалық тазалаудан өтті. Атқарылып жатқан жұмыстарды Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевпен тұрақты түрде бақылауда ұстап отырмыз. Кестеге сәйкес тиісті жұмыстар істелуде, - дейді Келес аудандық Су шаруашылығы мекемесінің директоры Жасұлан Қылышбаев. 

Айта кетейік, аудан аумағында Республикалық меншіктегі 3 су бөгеті (Ошақты, Бес-Абдал, Оймауыт) және су сыйымдылығы 25,0 млн кубты құрайтын «Ақылбексай» су қоймасы бар (қазіргі таңда 7,0 млн куб су бар). Келес өзенінде орналасқан Ошақты су бөгетінің су өткізу қабілеті 125 м3/сек және апатты түсіргісі 30 м3/сек тасқын су өткізе алады. Бес-Абдал су бөгеті су өткізу қабілеті 183 м3/сек. болса, Оймауыт су бөгеті су өткізу қабілеті 285 м3/сек. құрайды. 


Мақтааралдың әкімі көшпелі кездесу өткізді
Келес: Су нысандарына рейд жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу