Келес: Су нысандарына рейд жүргізілді

Oinet.kz 15-07-2023 125

44.jpg

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бекіткен Өкіміне сәйкес жазғы шомылу маусымында Келес ауданының су объектілерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейдтік шара өтті. Рейдтік шараға аудандық прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі мен еріктілерден құралған топ қатысты. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

- Жалпы аудан аумағында 4 ауылдық округте шомылу үшін арнайы бассейндер орналасқан. Одан бөлек әр ауылдық округтеріндегі білім ошақтарының базасына каркасты бассейндер орнатылуда. Бүгінгі рейд барысында 2 кәмелет жасына толмаған баланың шомылуға тыйым салынған аумақта шомылып жүргені анықталып, олардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 9 азаматқа ескерту түріндегі хаттама толтырылып, қайталанған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді, - дейді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы Мақсат Мырзамұратов. 

Рейдтік шара барысында су объектілерінде әдістемелік құралдар мен билбордтарды, жаднамалардың, ескерпелердің, арнайы тыйым салу белгілерін орналастыру, халық арасында ҚР ІІМ №34 бұйрығымен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 


Келес: Құдық қақпақтары жаңартылуда
Келес: Мүлікті қайта бағалау шаралары жүруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу