Келес: Мүлікті қайта бағалау шаралары жүруде

Oinet.kz 15-07-2023 147

45.jpg

Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан мүлікті қайта бағалау бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы аудан аумағындағы тойхана, сауда үйлері, мейрамхана, қонақ үйлер мен демалыс орындары және шипажайларды қосқандағы объектілер саны 369-ды құрайды. Бүгінгі таңда соның 79-ы қайта бағалаудан өткізілді. Мүліктің алдың бағалау құны 668 547 теңге болса, қайта бағалаудан өткеннен кейінгі құны 1 964 410 теңгені құрады. Бұл өз кезегінде салық түсімінің артуына сеп болмақ. Бұл туралы Келес аудандық кірістер басқармасының басшысы Азамат Қайыпжан Сегінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті төртінші сессиясында мәлімдеді. 

Басқарма басшысы өз баяндамасында өткен жылдың және биылғы жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Атап айтқанда кірістердің бірінші санатына жататын түсімдер, өндірістік емес төлемдер, акциз өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарылған нақты шараларды баяндады. 

Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен сегінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті төртінші сессиясына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихат төрағасының м.у.а. Нұрхан Мережепов, облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабай Ағабеков, аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Сессияның күні тәртібінде тоғыз мәселе қаралып, шешім қабылданды. 

 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Келес: Су нысандарына рейд жүргізілді
Келесте апатты көпір қалпына келтірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу