«Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі өтті

Oinet.kz 18-07-2023 214

47.jpg

Сарыағаш ауданында «Жастарға жұмыс» жобасы аясында білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға және жалпы жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жәрмеңкеге ауданның жалпы жұмыссыз 175-азаматы қатысып, оларға ауданның 24-жұмыс берушілері 150-тұрақты бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкенің нәтижесінде:

-бос жұмыс орындары бойынша тұрақты және уақытша жұмысқа-20 азамат, 

-жастар тәжірибесіне-8 азамат,

-алғашқы жұмыс орынына-3 азамат баруға ниет білдірді. 

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау және бірлесіп шешу, оларды алаңдатқан сұрақтарына жауап беру, бос жұмыс орындары мен «Ұлттық жоба» аясында субсидияланатын жұмыс орындары жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орыны, жастарға берілетін 2,5 пайыздық несие жобаларын кеңінен насихаттау.

Сондай-ақ жәрмеңкеде талапкерлерді серпін бағдарламасы арқылы ЖОО-на білім алуға шақырылды.

Алдағы уақытта аудан азаматтарын жұмыспен қамту бағытында мұндай жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізілу жоспарлануда.


Келесте апатты көпір қалпына келтірілді
Сарыағаш: Мүгедектердің мәселесі бақылауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу