Сарыағаш: Мүгедектердің мәселесі бақылауға алынды

Oinet.kz 14-07-2023 116

48.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында бірнеше тұрғындар инватакси және әлеуметтік таксиді көбейту, оңалту орталығында қызмет алушылардың санын арттыру мәселелері бойынша шағымдары мен ұсыныстарын айтқан болатын.

Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев күннің екінші жартысында Сарыағаш ауданындағы «Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мүгедек балаларды оңалту орталығына» арнайы барып, мәселенің мән-жайын анықтады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан аудандағы мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсететін әлеуметтік такси автокөлігінің саны аздығын алға тартып, сондай-ақ, облыстық оңалту орталығында 25 мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қызмет алу мерзімі шектеулі және ерекше қажеттілігі бар балалар 6 ай мерзімде алған емі үзіліп қалу себебінен кезектің қордалануы жөнінде мәселелер көтерілді.

Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша аудан басшысы Арман Абдуллаев тиісті бөлім басшысына арнайы тапсырма беріп, орындалуын жіті қадағалауда болатынын жеткізді.


«Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі өтті
Төлеби ауданы: Жолдардың сапасы жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу