Төлеби ауданы: Жолдардың сапасы жақсарып келеді

Oinet.kz 14-07-2023 116

49.jpg

2021 жылы елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірленді. Ұлттық жобаның мақсаты халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады.  Осы орайда Төлеби ауданында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Төлеби ауданында облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасы жақсарып келеді. Бұл туралы Төлеби ауданының әкшімі Төлеген Телғараев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

-  Бекітілген кестеге сай, аудан халқымен кезекті кездесуім Жоғары Ақсу ауылдық округінде жалғасын тапты. Құрамында екі елді мекені бар округте тұрғындардың жайлы өмірі үшін инфрақұрылым жүйелері толығымен тартылған. Инженерлік коммуникация жүйелері шешімін тапқан елді мекендерде облыстық маңызы бар жолдар-12,9 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлығы –94,1 %. Ал, 

елді мекеннің ішкі көшелері - 13,71 шақырым болса, жарамдылығы –100 %.  Мәдени елді мекеніне кіре беріс көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін Түркістан облысының жолдар басқармасы арқылы жобалау-сметалық құжаты (ПСД) әзірленуде, жоба мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылған. Басқарма 2024 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілетіндігін хабарлауда. 

Аудан бюджеті есебінен биылғы жылы Мәдени елді мекеніндегі С.Тлеуов, Бәйшешек көшесіне 2,50 шақырым суағар (лоток) қойылып, С .Тлеуов, С.Бастықов және Ақсу Жаға көшесіне 2,88 шақырым түнгі жарық орнатылады. 

II тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегідей:

Мәдени ауылындағы жаңадан салынатын спорт кешенінің жоба сметалық құжаттарын жаңарту үшін аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан 26.04.2023 жылы №229-17/06-05/539 санды хатымен аудандық бюджеттік комиссияға жобаны қайта әзірлеуге бюджеттік өтінім тапсырды. Қолдау тапқан жағдайда, құжаттары қайта жасалып, облыстық салалық басқармаларға қаржыландыруға ұсынылады. 

Мәдени ауылы С.Тлеуов көшесінің бас жағына №105 үйдің алдына «Жарық жол» МКК тарапынан тас төселді.

Қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кездесу еркін, сұрақ-жауап форматында өтті. Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, оның орындалу жолдары бойынша шешімдер қабылданды,-деп жазған аудан басшысы.


Сарыағаш: Мүгедектердің мәселесі бақылауға алынды
«Шымкент Қасқасу» тас жолы жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу