Төлеби ауданы: Халықпен кездесу Қаратөбе округінде өтті

Oinet.kz 13-07-2023 115

53.jpg

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кездесуі Қаратөбе ауылдық округінде өтті. 

-Мемлекет басшысының  2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығына сәйкес, ІІІ тоқсандағы алғашқы кездесуім Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Майбұлақ елді мекенінде өтті. 

Кездесу барысында Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының 2023 жылғы 5 айлық көрсеткіші мен ІІ тоқсанда өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысын баяндадым. Ашық аспан аясында еркін форматта өткен жиында проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ астым. 

Округ халқын толғандырған ауыз су, құрылысы аяқталмай қалған көпір, апатты жағдайдағы мектептің жай-күйі мен бұл бағытта жүзеге асатын жобаларды таныстырдым. 

Сәуір айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан 8 мәселе көтерілсе, оның іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 4 мәселе өз шешімін тапты. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік қорығы аймағындағы «Бақырауық» бұлағынан Төңкеріс елді мекенінің жоғарғы бөлігінде орналасқан су жинау резервуарына дейін, жер үстімен 5 шақырым су құбырын тарту үшін 179,4 млн теңгенің сметалық құжаттамасы жасалынды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен рұқсат алуға құжаттар жолданып, министр З.Сүлейменова өз кезегінде мәселені зерделеп, нақты шешім қабылдау үшін қарамағындағы комитеттерге тапсырма берді. Апатты жағдайдағы Қостөбе мектебінің арнайы зерделенген қорытындысы негізінде облыстық басқарма тарапынан нақты шешм қабылданды. 

Қаратөбе елді мекені «Балдыберек» өзені үстінен өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша сот үкімімен мердігер мекеме жауапқа тартылып, қаржының белгілі бір бөлігі бюджетке қайтарылды. Құрылыс материалдарының қымбаттауына орай, қалған қалдық қаржымен көпірлердің құрылыстарын аяқтауға мүмкіндік болмауына орай, жобалық-сметалық құжаттамаларды қайта өңдеуден өткізу қажеттілігі туындап, жобалық ізденіс жұмыстарының есебі дайындалды.

Төңкеріс елді мекеніндегі бастауыш мектептің статусын негізгі мектепке ауыстыру бойынша облыстық білім басқармасына 15.07.2022 жылғы №11/07-04/1027 хатпен ұсыныс берілген. Алайда мектеп ғимараты мен жабдықталуы негізгі мектепке қойылатын талаптарға сәйкестендіруді қажет етеді.

«Ленгір су» МКК мамандарымен бірлесіп 05.06.2023 жылы зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бұлақ көздерінен су дебеті жеткілікті көлемде келіп жатқандығы анықталды. Алайда су дебетін тұрақты түрде ұстап отыру үшін су есептегіш құралдарын орнату қажет. Бұл жөнінде ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, ауыл тұрғындарының келісімі алынды, «Ленгір су» МКК тарапынан қазан айына дейін су есептегіш құралдары орнатылатын болады. 

Әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғамның, әсіресе өңірлердегі диалогын орнатуға негізделген кері байланыстың маңызды бағыты болса, кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысы аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады. Проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылады,-деп жазды аудан басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында. 


Төлеби ауданы: Ауылдағы түйткілді мәселелер шешімін табады
Түлкібас: Күре жол пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу