Түлкібас: Күре жол пайдалануға берілді

Oinet.kz 18-07-2023 217

54.jpg

  Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түлкібас және Сайрам аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Құтарыс-Қарабұлақ-Түлкібас» автомобиль жолының 67-83 шақырым аралығы орташа жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жөндеу жұмыстары барысында Састөбе-Ынтымақ-Машат-Қарабұлақ елді мекендері аралығындағы 16 шақырым жолдың ескі асфальт жабындысы толығымен жаңартылып, жол бойындағы 4 дана су өткізгіш құбыры ауыстырылды. Сондай-ақ, Машат, Ынтымақ елді мекендерінде 2,5 шқ жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынды.

Одан бөлек, қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан күтіп ұстау жұмыстары есебінен Машат, Ынтымақ елді мекендеріне жасанды жол кедергісі орнатылып, жол таңбасы сызылды.

Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Айта кетері, «Қуатты өңірлдер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша елді мекендердегі барлық инфрақұрылымдық мәселелер 2025 жылға дейін шешімін табады. Жобаның екінші бағытында жол мәселесін түбегейлі шешу көзделіп отыр. 


Төлеби ауданы: Халықпен кездесу Қаратөбе округінде өтті
Түлкібас: Қысқа дайындық пысықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу