Түлкібас: Қысқа дайындық пысықталды

Oinet.kz 18-07-2023 270

55.jpg

Түлкібас ауданында 172 бюджеттік мекеменің қысқы жылыту маусымына дайындығы тексерілді. Жауапты мамандардың аралауы барысында аталған әлеуметтік нысандардың дені алдағы қыс мезгіліне дайын болса, 5 бірдей білім беру мекемелерінің жылу жүйесінде ақаулар анықталған. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл жайында бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы Н.Ештаев баяндады. Сонымен қатар бөлім басшысы аудан аумағындағы көгілдір отынға қосылмаған нысандарды газға қосу мәселесін де қозғады.

Аудан басшысы білім беру мекемелері тікелей облыстық басқармаға бағынышты екенін ескере келе, аудан аумағындағы мектептердің жылу жүйесіндегі анықталған кемшіліктерді тез арада ретке келтіру бойынша басқарма басшысына хат жолдауды тапсырды. Ал, денсаулық сақтау саласындағы қатты отынмен жылытылатын нысандардың орнына алдағы 2 жылда жаңа нысандар түсіп, көгілдір отынға өтетіндігін аудандық ауруғананың жауапты орынбасары мәлімдеді. 

Бұдан бөлек лездемелік жиында аудан аумағындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.

Қазіргі таңда ауданда тұрғындар арасында наразылық туындатып отырған өзекті мәселенің біршамасы мердігерлердің салғырттығынан орын алып отырған мәселелер. Нұржан Жақсылықұлы аталған мердігерлердің сот тәртібімен ісін қарауға тиісті құжаттарды өткізіп, мәселені оңтайлы шешу мақсатында олармен нысан басында кездесуді ұйымдастыруды тапсырды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаға енген Балықты және Мичурин ауылдық округтерінде жеке кәсіпті жүргізуге ниет білдіруші тұрғындарды барынша қамту керектігін ескертіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқындату керектігін атап өтті.


Түлкібас: Күре жол пайдалануға берілді
Сайрам: Ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу