«Өнерлі өлке»: Кентаудың мәдениет күндері басталды

Oinet.kz 29-07-2023 443

32.jpg 

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласындағы Кентау қаласының мәдениет күндері ұлттық салт-дәстүрді ұлықтаумен басталды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шараның алғашқы күні Этноауыл кешенінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы көрмесі және мастер-класстары, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар және «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» салт-дәстүрді дәріптеуге арналған қойылымдары сахналанды. Атап айтқанда, қыз ұзату, шілдехана, ат қою рәсімдері қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аудара білді. Күн соңы «Қаратау тәжі» ұлт аспаптар ансамблінің концерттік бағдараламасымен аяқталды.

Кентау қаласының Түркістан төріндегі мәдениет күндері үш күнге жоспарланған. Ертең, 29 шілде күні сағат 19:00-21:00 аралығында Этноауыл кешенінде «Отаным – Қазақстан» заманауи қолөнер түрлері мен қылқалам шеберлерінің көрмелері және «Бір шаңырақ астында» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді.

Сонымен қатар 30 шілде күні сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында Кентау қаласы өнерпаздарының қатысуымен «Кентауым – керім қала» атты Гала-концерт өтеді.


Түлкібас: Тоннел биыл пайдалануға беріледі
Түркістан: 798 ауылдың Бас жоспары жасалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу