Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивальде түркістан облысы жеңімпаз атанды

Oinet.kz 12-09-2023 185

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі аяқталды. Спорттың 12 түрін қамтыған аламан додаға еліміздің барлық өңірінен іріктеліп келген командалар қатысып, тартысты ойындар өткізді. 

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысының құрамасы қазақ күресі, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері бойынша командалық есепте топ жарып, өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Ал, аударыспақ, құсбегілік, жекпе-жек спорт түрлерінен командалық 2-орынды иеленді. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан әйелдер командасы 3-орынды олжалады. Қалған спорт түрлеріне келсек, көкпардан 5-орын, асық атулае 5-орын, тоғызқұмалақтан ерлер арасында 8-орын, дәстүрлі садақ атудан 12-орын, бес асық құрамасы  11-орынға жайғасты.

Жалпы спорттың түрлері бойынша Түркістан облысы 574 ұпай жинап, жалпыкомандалық 1-орынды иеленіп, VI фестивалінің жеңімпазы атанып, өткен жолғы чемпиондық атақтарын сақтап қалды. 549 ұпай жинаған Астана құрамасы 2-орынды еншілесе, 460 ұпай санымен Жамбыл облысы 3-орынға тұрақтады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сауран ауданында "Жер-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Түркістан: Қытайлық компания арыста бірлескен жаңа зауыт салуға ниетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу