Дін мен дәстүр құндылықтарын дәріптеу

Oinet.kz 22-09-2023 315

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің  теолог маманы Салықбаев Қайрат, ауданның бас имамы А.Керімбаев және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбекпен бірлесіп Қажымұқан ауыл округінде орналасқан А.Иманов, Темірлан, С.Нұрмағанбетов, Н.Нысанбайұлы, С.Исмайлов  жалпы орта мектептерінде жоғарғы 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Screenshot_2.jpg

Кездесуде "Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету" мақсатында діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын соңында оқушылар тарапынан аталған тақырып бойынша түсіндіруден кейін өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып,  сауалдарына теолог маманының тарапынан түсінікті әрі тұщымды жауаптар берілді.

Түркістан: Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Түркістан: Келесте «жайлы мектеп» жобасы арқылы мектептердің құрылысы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу