Мемлекет кепілдік берген заң көмегін кімдер ала алады?

Oinet.kz 24-10-2023

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес заң көмегі өтеулі негізінде, мемлекет кепілдік берген заң көмегі (тегін негізде көрсетілетін заң көмегі) және кешенді әлеуметтік заң көмегі нысанында көрсетіледі.

image.png

Осы Заңның 20-бабына сәйкес, заң көмегін өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары, заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.

Заңның 26-бабына сәйкес, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар.

2. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

      1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

      2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

      3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

      6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

      7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Сонымен бірге , осы Заңның 19-бабына сәйкес:

1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;

      2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға; 

      3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;

 3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) жасына байланысты зейнеткерлерге; 

 6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;

      8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.

Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның:

       1) мемлекет кепілдік берген заң көмегіне теңдей қол жеткізуге;

       2) өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпарат алуға;

       3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға тегін заң көмегін көрсету үшін өтініш жасауға;

       4) мемлекет кепілдік берген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға немесе оны алудан бас тартуға;

       5) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға;

       6) мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.

      Өзіне осы Заңның 15-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы өтінішхатпен жүгінген тұлға:

       1) өзінің мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығын растайтын, тізбесін уәкілетті орган бекітетін құжаттарды ұсынуға;

       2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттарына ықпал ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабарлауға;

       3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету қажеттігіне негіз болған ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

Қазіргі таңда, Түркістан облысы бойынша 177 адвокат қызмет атқарады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – Әділет министрлігі, ал жергілікті жерлерде – аумақтық әділет органдары болып табылуына байланысты облыстық адвокаттар алқасымен ұсынылған тізімге сәйкес, мемлекет кепілдік берілген заң көмегін жүзеге асыру жүйесінде ауылдық округ аудандарды қамти отырып әділет департаменті 108 адвокатпен келісім жасаған.

Түркістан облысының Әділет департаментінің

құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік

қызмет көрсету бөлімінің бас маманы  Б.А.Алтынбеков

Түркістан облысында Республика күніне орай 17 әлеуметтік нысан ашылады
Нұрлан Әбдіров Түркістан және Жамбыл облысындағы аудан әкімдерінің сайлауға дайындығын тексерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу