Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалы ашылмақ

Oinet.kz 10-03-2024 1484

9 наурыз күні Шыршық қаласында (Өзбекстан) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Б.Атамқұловтың, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қ.А.Шариповтың  және Шыршық қаласының әкімі Д.А.Хидоятовтың қатысуымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің өкілдерімен Шыршық қаласында университет филиалының ашылуы барысы туралы кездесу өтті.

IMG-20240310-WA0002.jpg

Филиалды ашу Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың құрылғанына 30 жыл толуына орай кездесуінің қорытындысы бойынша жасалған келісім негізінде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшыларының келіссөздерінің нәтижесінде «Жол картасы» әзірленді. Екі елдің ведомстволық министрліктері деңгейінде Шыршық қаласында филиал ашу туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Іс-шара барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректордың кеңесшісі Д.П.Қожамжарова қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының филиалын ашудағы перспективаларын баяндап, презентациясымен таныстырды.

Презентацияда Шымкент қаласының және оңтүстік аймақтың экономикасының стратегиялық дамуына үлесін қосуға бағытталған университеттің үшінші миссиясына зейін аударды.

Auezov University филиалы Өзбекстанның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие кадрларды даярлауды жүзеге асыратын болады.

Кадрларды даярлау гуманитарлық, техникалық, IT-технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Шыршық — Өзбекстанның өнеркәсібі дамыған қалаларының бірі. Өңірде машина жасау, металл өңдеу және химия өнеркәсібі сияқты салалар қарқынды дамыған. Осындай тенденцияларды ескере отырып, Auezov University өңірге қажетті салалар бойынша кадрлар даярлауды қолға алмақ.

Анықтама: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – білім беру кеңістігінде мамандар даярлаудың драйвері болып табылатын Қазақстан Республикасының көпсалалы ірі зерттеу университеті. Университет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім берудің үш деңгейі бойынша мамандарды дайындайды.

Түркістан: Дархан Сатыбалды «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынып жатқан мектеп құрылысын қадағалады
Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу