«Біз заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам құруымыз керек»

Oinet.kz 03-06-2025 29

8.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдауында:

«Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» - деп атап өткен болатын Мемлекет Басшысы.
Жуырда Ішкі істер министрлігінің  делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Түркістан қаласында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары сараланып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Кеңес отырысында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, ҚР ІІМ Кеңес мүшелері Жанос Ақтаев пен Баян Ахатай атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, жұмысты жандандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Бейсенбай Тәжібаев жауапты тұлғаларға нәтижесіз жобаларды қысқартуды, індетті жеңген кейіпкерлермен кездесу ұйымдастыруды тапсырды. NEET санатындағы жастар, ҰБТ тапсырмайтын азаматтарға колледжердегі гранттар, «Жастар практикасы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Құрманбек Саховтың 2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 139 дерегі анықталған (2024 жылы – 280). Оның ішінде, 33-і – қылмыстар болса, 106-і – теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 198 кг 527,60 гр есірткі заттары тәркіленіп алынды. Оның ішінде, синтетика есірткі заты, гашиш, марихуана, көкнәр сабаны, кокаин бар.

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен 2025 жыл – Профилактика жылы деп аталды. Бекітілген жоспарға сәйкес, Түркістан облыстық Полиция департаменті тарапынан профилактикалық шараларды және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті нығайту мақсатында қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғау бағытындағы шаралар күшейтілді. Осы негізде Департаменттің жанында есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы саласында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес мүшелері құрылып, нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, заңға бағынатын мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің» 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда.

Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 405 ақпараттық сайт анықталып, «Киберқадағалау» сараптамасына жолданып, бұғатталды. Ойын-сауық орындарында 48 рейдтік іс-шара жүргізілді. Сонымен қатар әуежай, теміржол вокзалы, «Қазпочта» қызметкерлерімен бірге есірткі құралдары және психотроптық заттарды заңсыз жөнелту фактілерін анықтау үшін департаменттің қызметтік иттерінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары тұрақты атқарылып, жалпы 50 рейдтік іс-шара өтті. Одан бөлек, дәрілік заттардың, әсері күшті дәрілік-препараттардың заңсыз айналымға түсуін анықтау бойынша тоқсан сайын «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Наурыз айында өткен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс аумағында 105 дәріхана, 4 қойма, 16 емдеу-профилактикалық мекеме және 3 өндірістік кәсіпорны тексерілді. 42 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жиында Облыстық қоғамдық даму және Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің есебі тыңдалды.


Судың «көлеңкелі нарығымен» күрес күшейді
Мақсат—азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу