Мақсат—азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу

Oinet.kz 30-05-2025 19

9.jpg 

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаевтың төрағалығымен жеке құрамға маңызды жиын өтті. Оған барлық қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің басшыларымен тергеу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жиналыс барысында тергеу және анықтау саласына қатысты атқарылған жұмыс қорытындыланды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ қылмыстық істердің жеделдетілген тәртіппен сотқа жолдануы, прокуратура тарапынан қайта тергеуге қайтқан істер, тоқтату қаулылары бұзылған істер бойынша және азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауына жол бермеу мәселелері қаралды.

Баяндамалар тыңдалып, Ішкі істер министрлігінің бұйрық талаптарын дер кезінде орындау тапсырылды. Жиын соңында жеке құрамға жұмысты жандандыру бойынша нақты бағыттар беріліп, ұсыныстар қаралды.

 


«Біз заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам құруымыз керек»
Баланың қауіпсіздігі—баршама ортақ жауапкершілік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу