«Таза Қазақстан»: Заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты қадам
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілік қалыптастыру мақсатындағы «Таза Қазақстан» акциясын қоғамды біріктіретін ұлттық платформа ретінде атап өтуде.
Президент:
«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен қала тәртібінен басталуы тиіс. ‘Таза Қазақстан’ – бұл бір күндік акция емес. Бұл – біздің өмірлік мәдениетіміз. Бұл бастама ұлттық идеологияның құрамдас бөлігіне айналуға тиіс»,-деген болатын.
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында құқық қорғау органдары, атап айтқанда полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарын абаттандыру және экологиялық тәртіпті сақтауға бағытталған рейд жұмыстарын жүргізуде.
Бұл шаралар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылуда.
Түркістан облысының полициясы жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, қоғамдық орындардың ласталуы мен абаттандыру ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша жаппай рейдтік іс-шаралар өткізді.
6 ай ішінде барлығы 17 000-нан астам құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:
13 000-нан астам қоғамдық орындардың ластануы,
4 300-дей абаттандыру ережелерін бұзу дерегі тіркелген.
Полиция тұрғындарды заң аясында әрекет етуге, қоршаған ортаны қорғауға, тазалық пен қоғамдық тәртіпке үлес қосуға шақырады. Әрбір құқық бұзушылыққа қатысты «нөлдік төзімділік» принципі қатаң түрде қолданылады.
Бұл – жай акция емес, сонымен бірге заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты қадам.
Акция азаматтар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты қорғау мен қоғам тазалығын қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік және қоғамдық күштердің үйлесімді ықпалының нәтижесі.
Осы үрдіс жалғасып, әрбір азаматтың табиғатқа қамқорлық жасауға қатысуы – еліміздің экологиялық және құқықтық тұрақтылығының кепілі болмақ.