Қауіпсіздікті қамтамасыз ету—ортақ борыш

Oinet.kz 30-07-2025 26

10.jpg 

Сауран аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы «Балауса» лагерінде арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Шараның басты мақсаты — отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалар арасындағы әлімжеттіктің алдын алу. Полицейлер тәрбиешілер мен балаларға зорлық-зомбылықтың түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріп, оның алдын алу және қарсы күрес жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қажетті жағдайда қай органдарға жүгіну қажеттігі туралы да толық мәлімет ұсынды.

Балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — қоғамның ортақ борышы және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылықты жою үшін заңнамалық шаралар қатайтылады және құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтіледі деп бірнеше рет мәлімдеді. «Әрбір бала — біздің болашағымыз, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мемлекет үшін бірінші кезектегі мәселе» — деген Президенттің сөздері қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы жалпы ұстанымның айқын көрінісі болып табылады.

Отбасылық зорлық-зомбылықты азайту және жою мақсатында полиция қызметкерлері қоғаммен, мектептермен және әлеуметтік мекемелермен тығыз жұмыс істеуде. Отбасындағы тыныштық пен қауіпсіз ортаны қалыптастыру — елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Осы бағытта полицейлер тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің маңыздылығына шақырып отыр. Олар отбасының негізгі міндеті — сауатты ұрпақ тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, адамгершілік пен жақсы қасиеттерді балаларға сіңіру екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығымен Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-алдын алу рейдін ұйымдастырды. Бұл іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқық бұзушылықтарға араласуының алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрген 12 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес ескертіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай шаралар кәмелетке толмағандарды зиянды әдеттерден, құқық бұзушылықтан қорғау, олардың дамуы мен денсаулығын сақтау бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Полиция қызметкерлері бұдан кейін де осы бағыттағы жұмысын жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отыр, сондықтан қоғамның әрбір мүшесі — әсіресе ата-аналар — балаларды бақылауда ұстауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысуы қажет.

Қазақстан Президентінің бастамасымен қолға алынған зорлық-зомбылыққа қарсы кешенді шаралар мемлекет деңгейінде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен құқықтық нормалардың күшеюі зорлық-зомбылықты түбегейлі жоюға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, құқық қорғау органдарының қоғаммен бірге жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралары зорлық-зомбылыққа қарсы тұруда маңызды рөл атқарады. Әрбір азамат зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз және әділ қоғам құруға өз үлесін қосуы тиіс.


Түркістан: Өртке қарсы шаралар бақылауға алынды
95%-дан астам қазақстандық этносаралық қатынастарды тұрақты деп бағалайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу