Қоғамдық тәртіпт – тазалықтан басталады

Oinet.kz 12-07-2026

Screenshot_15.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырумен қатар қоғамдық тәртіпті, тазалықты және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті нығайтуды көздейді. Заң талаптарын сақтау тек қылмыстың алдын алумен шектелмейді. Ол әрбір азаматтың қоғамдық орындарға ұқыпты қарап, ортақ мүлікті қорғауы мен қоршаған ортаның тазалығын сақтаудан да көрінеді. Өйткені таза әрі тәртіпті қала – заңға құрметпен қарайтын қоғамның айқын белгісі.

Осы бағытта Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларының сақталуын күнделікті бақылауға алып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Қоғамдық орындардағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында заманауи бейнебақылау жүйелері кеңінен қолданылуда. Камералардың көмегімен қоқыс пен құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгу, ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау, санитарлық талаптарды бұзу және абаттандыру қағидаларын сақтамау фактілері дер кезінде анықталып келеді. Әрбір анықталған құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тазалық мәдениетін қалыптастырудың, қоғамдық орындарды күтіп ұстаудың және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруде. Мамандардың айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын алуда профилактика мен құқықтық түсіндіру жұмыстарының рөлі ерекше.

Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әрбір азаматтың заңға бағынуы мен қоғамдық жауапкершілігі ғана қауіпсіз, таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тазалыққа деген жанашырлық – туған қалаға деген құрметтің және құқықтық мәдениеттің жарқын көрінісі.

Шымкентте 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Заң мен тәртіп – полиция қызметінің басты ұстанымы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу