Заң мен тәртіп қатаң сақталса даму болады

Oinet.kz 21-07-2026

Screenshot_9.jpg

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету – құқық қорғау органдары қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінде интернет-алаяқтықтың көбеюі мен есірткінің заңсыз айналымы азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіруде. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың құқықтық сауатын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы профилактикалық жұмыстар ерекше маңызға ие.

Осыған орай Қаратау ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» жобасы аясында интернет-алаяқтықтың алдын алу және «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы шеңберінде тұрғындар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды. Кездесу барысында азаматтарға интернет-алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдері жан-жақты түсіндіріліп, банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу, жеке мәліметтердің құпиялығын сақтау, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, белгісіз сілтемелерді ашпау жөнінде нақты кеңестер берілді. Сонымен қатар тұрғындарға күмәнді қаржылық операциялар туындаған жағдайда дереу банкке және құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі ескертілді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты құқық бұзушылықтардың цифрлық кеңістіктегі алаяқтық әрекеттер мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, сақтық шараларын ұстанған жағдайда ғана қылмыстың құрбаны болу қаупі азаяды. Ал жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру – есірткіге қарсы күрестің ең тиімді жолдарының бірі.

Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымының қоғамға тигізетін зияны, оларды қолданудың құқықтық салдары және денсаулыққа келтіретін зардаптары туралы кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Қаратау ауданының прокуратурасы алдағы уақытта да «Заң мен тәртіп» жобасы аясында тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға, интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырады.

Экологиялық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызы зор
Борышкерлер қарыздарын ерікті түрде толық өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу