Жастардың құқықтық білімін кеңейтуге арналған акция өтті

Oinet.kz 07-08-2026

765477495_18349311670301407_1266324025721826960_n.jpg

Қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты – заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарын құрметтеуді өмірлік ұстанымға айналдыруға бағытталған. Бұл бастама «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен сабақтаса отырып, жастардың бойында табиғатқа жанашырлықты, азаматтық жауапкершілікті және қоғамдық тәртіпке деген құрметті нығайтуға мән береді.

Осы мақсатта Шымкентте жастардың құқықтық және экологиялық санасын арттыруға бағытталған ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің басшысы Ақмарал Арыстанбекқызы Нысанбекова, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ахмет Тұрсыналыұлы Жүзбаев және Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция полковнигі Балжан Хамидуллақызы Манабаева қатысты.

Кездесу барысында спикерлер заң үстемдігін қамтамасыз етудің қоғам үшін маңызы, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері, есірткі қылмыстарының жас ұрпақтың болашағына тигізетін зияны, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бастамалар туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда әр азаматтың жеке жауапкершілігінің рөлі, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық белсенділігін күшейтуге және ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді. Заңды құрметтейтін, табиғатты аялауды азаматтық парыз санайтын жас буын – Әділетті Қазақстанның және қауіпсіз қоғамның берік негізі.

Жауапкершілік – заңға құрметтен туындайды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу