Шымкентте киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

Oinet.kz 18-09-2026

image.png

Шымкентте «Киберқауіпсіздік күні: цифрлық гигиена және деректерді қорғау технологиялары» тақырыбында қалалық форум-семинар өтті. «Көрме» орталы5ында ұйымдастырылған жиында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және цифрлық сауаттылық мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараны Шымкент қаласының әкімдігі мен қалалық Цифрландыру басқармасы ұйымдастырды. Негізгі мақсат – тұрғындардың цифрлық сауатын арттырып, интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану дағдыларын қалыптастыру. Әсіресе интернет-алаяқтықтың алдын алу, жеке ақпаратты қорғау, қауіпсіз цифрлық мінез-құлық пен кибергигиена мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілді.

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сектордағы IT-мамандар және IT бағытында білім алып жүрген студенттер қатысты. Жалпы қатысушылар саны 100-150 адамды құрады. Бұл ретте киберқауіпсіздік тек мамандарға ғана қатысты мәселе емес, цифрлық қызметтерді күнделікті пайдаланатын әр азамат үшін маңызды екені айтылды.

Жиында Қазақстандағы кибермәдениет пен цифрлық гигиена, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, киберқауіпсіздік аудиті,  корпоративтік инфрақұрылымды қорғау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар ЖИ қарқынды дамып жатқан кезеңде пайда болып отырған жаңа киберқауіптерге ерекше назар аударылды.

Іс-шараға ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты. Сала мамандары киберқауіптердің түрлері мен олардан қорғанудың тиімді тәсілдері жөнінде практикалық ақпарат ұсынды.

Форум барысында қатысушылардың ақпараттық қауіпсіздікке қатысты сауалдарына жауап беріліп, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Киберқауіпсіздік бойынша интерактивті онлайн-квиз өткізіліп, қатысушылар арасында жүлделер ойнатылды.

Кездесу  цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселесін тек техникалық тұрғыдан емес, күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Өйткені жеке деректі қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бөгде адамдарға құпия ақпаратты бермеу секілді қарапайым сақтық шаралары киберқатердің алдын алады.

Закон и порядок: бесплатную консультацию юристов получили жители Шымкента
Студенттерге кибераялаяқтықтан қорғану жолдары түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу